«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

01 Июня 2022
Бүгінгі мереке аясында облыс әкімі Архимед Бекежанұлы оқушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиададан орын алған оқушылар мен оларды дайындаған ұстаздарын көрсеткен жоғары жетістіктері үшін марапаттады. Біздің мектептен Республикалық олимпиададан жүлделі орын алған Тасенова Ясмина, Боранбаева Аруза және Алиева Жұлдыз дипломдармен және ақшалай сыйлыққа ие болса, жетекшілері: Нугуманов Агыбай Карынович, Байтасова Ботагоз Шаяхметовна, Абикенова Гульбану Абдырзаковна арнайы алғыс хатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!! 
Мектеп оқушыларын да бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып,  жас ұрпақ, жас буын, жасөспірімдеріміз аман болсын демекпіз. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз! Халықаралық, республикалық дәрежедегі сайыстардан жүлделі орын алып келетін оқушыларымыз көп болсын!