«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

17 Мая 2022
Бүгін 11-сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасы мен Қ.Бітібаева атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының жүлдегерлері «Тобыл тынысы» атты ақпараттық-танымдық сазды бағдарламасының құрметті қонағы болып қайтты. Оқушылар жүргізуші қойған сұрақтарға нақты да тұшымды жауап берді. Болашақ олимпиада қатысушыларына өз кеңестерімен бөлісіп, ақылдарын айтты. Қол жеткізген нәтижемен шектелмей, одан әрі алға басуға шақырды. 
Жеңіс тұғырына жету үшін бір емес, бірнеше жылдар бойы маңдай терін төккен жетекшілеріне алғыстарын жаудырды. 
Дарынды да білімді, бәскеге қабілетті оқушыларымыз көп болсын!