«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

«Оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы коучинг

04 Мая 2022
2022 жылдың 4 мамырында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ базасында ауылдық мектеп мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын, шығармашылық ойлауын дамыту» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг модераторы – Жұмағұлова Құралай Жұмановна, химия пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы, Ы.Алтынсарин төсбелгісі иегері.
Коучингтің мақсаты – мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын және шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тапсырмаларды құру және талдау жолдарын үйрету.
Коучингке Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебі,                               №1 Қазанбасы орта мектебі, Алтынсарин ауданы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі, Науырзым ауданы Жамбыл орта мектебі, Сарыкөл ауданы Ө.Сұлтанғазин атындағы мектеп химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Коучингтің кіріспе бөлімінде Құралай Жұманқызы коучинг қатысушылардың назарын «функционалдық сауаттылық» ұғымының пайда болу және даму тарихына аударды. Одан әрі модератор оқушының функционалдық сауатты тұлғасының негізгі қасиеттері, жалпы және икемді тұлғалық дағдылар, 21 ғасырдағы дағдыларға жаңа көзқарас, шығармашылық ойлау сияқты өзекті мәселелер бойынша топтық пікірталас ұйымдастырды.
Талқылаудан кейін қатысушылар топтарда PISA зерттеуінің негізгі компоненттері мен оқу мақсаттарын анықтап, күтілетін нәтижелерді белгіледі. Келесі блокта мұғалімдер тапсырмалармен танысты, олардың репродуктивті сипаттағы тапсырмалардан ерекшелігін көрді. Тапсырмаларды өздері оқушылар ретінде орындады. Орындалған жұмыстардан кейін функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды әзірлеуге кірісті.
Коучинг аяқталғаннан кейін Құралай Жұмановна коучингке қатысушыларға рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығын түсіндіріп, мұны оларға тәжірибе жүзінде көрсетті.