«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

«СОР тиімді қолдану» коучинг

29 Апреля 2022
2022 жылдың 28 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-де педагогтарды жұмыс тәжірибесінде цифрлық ресурстарды пайдалануды үйрету мақсатында шеберлік сыныбы өтті. Ұйымдастырушылар мен модераторлар мектептің жас ұстаздары болды.
Шеберлік сыныбы барысында модераторлар қатысушыларға Socrative цифрлық қосымшасын сабақтарында пайдалану жолдарын үйретті. Атап айтқанда, шараның басында олар бұл ресурстың басқалармен салыстырғанда артықшылықтарын көрсетті.
Әрі қарай ресурсты пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулар берілді. Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер өз аккаунтарын жасап, тапсырма түрлерін таңдап, үлгілік тапсырмалар әзірлеп, оқушыларды тіркеуді үйреніп, оқушылармен кері байланыс жасады.
Шеберлік сыныбына қатысушылар үлкен қызығушылық танытып, болашақта бұл қосымшаны өз жұмыстарында пайдалануға үлкен ниет білдірді.
Шеберлік сабағының соңында ұстаздар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, атқарған жұмыстарына риза болды.