«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

28 Апреля 2022
2022 жылдың 26 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мектеп тәлімгерлері Ермагамбетова М.К., Тулегенова А.Т. жас мамандарға арналған «Функционалдық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты – жас мұғалімдердің функционалдық сауаттылық туралы теориялық білімдерін кеңейту және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Коучинг тәлімгерлері тренингтен бастады. Одан әрі жас мамандарға «Халықаралық PISA зерттеуі аясында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру дағдыларын қалыптастыру үшін жас мұғалімдерге тақырып бойынша практикалық тапсырмалар берілді..
Тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында жас мамандар ынтымақтастықта жұмыс істей білу, өз жұмысының нәтижесін бағалай білу, бір-бірінің сөзіне ілтипатпен қарап, осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жас мұғалімдердің кері байланысы олардың осы мәселеге деген қызығушылығын және оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін зерттеп, енгізуге дайын екендігін көрсетті.