«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

21-25 ақпан аралығы Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV (қорытынды) кезеңі

21-25 ақпан аралығы Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV (қорытынды) кезеңі өтті. Өз бақтарын сынауға төрт оқушымыз аттанды.
Биология секциясы бойынша жүлделі 3-орынға ие болған 10 «А» сынып оқушысы – Еркебұланқызы Жәния. /Жетекшісі: Серикбаева Акмарал Нурбековна/
Республика бойынша 10 үздік ғылыми жұмыстар тізіміне жұмысы еніп, ерекше жетістігі үшін грамотаға ие болған 11 «В» сынып оқушысы – Есетова Жанбота. /Жетекшісі: Мағзұм Гүлнұр Әмірханқызы/
10 «А» сынып оқушысы – Тасенова Ясмина /Жетекшісі: Байсингирова Салтанат Молдабаевна/ мен 11 «А» сынып оқушысы – Калиханова Жанель /Жетекшісі: Зейнуллина Мендыгуль Жанбуршаевна/ қатысқан үшін сертификаттарға ие болды.
Мектеп директоры оқушылармен жүздесіп, арнайы құттықтау сөз сөйледі. Оқушыларымыз өз көзқарастарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Осындай бәсекеге қабілетті тұлғаларды дайындаған жетекшілері мен жан-жақты қолдау көрсеткен ата-аналарына алғасымыз шексіз! Құттықтаймыз!!!