«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

«Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» атты жас мұғалімдер арасында сабақтар байқауының қорытындысы

«Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» атты жас мұғалімдер
арасында сабақтар байқауының қорытындысы
 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ ағымдағы жылдың 7-15 желтоқсан аралығында «Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» атты педагогикалық турдың аясында жас мұғалімдер арасында сабақтар байқауы (бұдан әрі-Байқау) өтті. Байқаудың мақсаты – сандық білім беру ресурстардың (бұдан әрі – СБР) педагогикалық құралдарын қолдану деңгейі мен тиімділігін зерттеу.
Байқау барысында жас мұғалімдер аға әріптестерінің сабақтарына қатысу кезінде алған тәжірибелерін өз сабақтарында көрсетті. Сондай-ақ олар түрлі онлайн сервистерді, білім беру платформаларын, бейнематериалдарды пайдалану оқу еңбегінің өнімділігін, сабақтың өтімділігін, қаралатын материалдың тартымдылығын және тиісінше сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратынын көрсетті. Сондай-ақ, СБР қолдану жаңа тақырыптарды игеруді жалғастыруға оң уәжді қалыптастыруға ықпал етті.
Барлық сабақтар СБР қолдану кезінде оқу процесін құруды оқытудың негізгі дидактикалық принциптерін сақтай отырып өткізілді. Әр сабақтың өзіндік ерекшелігі болды.
Информатика пәнінің мұғалімі – Кусебаева Айгерім Жомартқызының  7 Б сыныбында өткізген информатика сабағының нәтижесінде әртүрлі оқу құрылғылары арқылы компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау тиімді екенін көрсете білді.
Жүсіпова Жанерке Мұратқызы – ағылшын тілі мұғалімі, 8-сыныпта Nearpod білім беру қосымшасын қолдана отырып, оқушыларды оқыту процесіне барынша тартып қана қоймай, интерактивті оқытуды қалай өткізуге болатынын көрсетті. Яғни оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Казман Сандина Серікқызы – ағылшын тілі мұғалімі, 9-сыныпта Nearpod білім беру қосымшасы арқылы сабақты өте қызықты етіп өткізді, оқушыларды әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауға және оқушылардың өз нәтижелерін бақылауға жұмылдырды, бұл ретте әрбір оқушыға тиісті көңілді де бөле білді.
Еленова Мөлдір Молдағазиевна – ағылшын тілі мұғалімі, 8-сыныпта Kahoot оқыту платформасын қолдана отырып, оқушылардың оқу материалын түсіну процесін өздігінен бақылау және сабақтың оқу материалын игерудің тиімділік дәрежесін бағалау бойынша жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруға болатындығын көрсетті.
Алынған жаңа ақпараттың танымдық және пайдалылығымен тарих пәнінің мұғалімі – Риза Дүйсенбайұлы Зулгариевтің 8 «А» сыныбындағы Қазақстан тарихы сабағы ерекшеленді. Оның сабағы жаңа білім алу және сабақ тақырыбы бойынша ұғымдар жүйесін қалыптастыру үшін жоғарыда аталған білім беру қолданбаларын қолданудың жарқын мысалы болды.
Көркем еңбек мұғалімі – Саин Думан Асқарұлы 5 «А» сыныбында оқу материалын визуалды және жұмыстың белсенді-әрекеттік нысандарын пайдалана отырып, еңбек сабақтарында онлайн сервистерді шығармашылықпен және тиімді қалай қолдануға болатынын көрсетті, яғни бұл алынған білімді әртүрлі оқу жағдайларында тәжірибеде қолдануға ықпал етеді.
5 «Б» сыныбындағы дене шынықтыру сабағын Аблайханов Саят Жанайдарұлы пайдаланылған жұмыс түрлерінің өнімділігімен, теория мен практиканың, фронтальды және жеке жұмыстың оңтайлы үйлесімімен, сондай-ақ практикалық жаттығуларды игерудің табыстылығымен атап өтуге болады.
Байқау соңында барлық жас педагогтар келесі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды:
  1. Кусебаева Айгерім Жомартқызы – «Тәжірибелі сабақ»;
  2. Жусупова Жанерке Мұратқызы – «Интерактивті сабақ»;
  3. Қазман Сандина Серікқызы – «Жаңашыл сабақ»;
  4.  Еленова Мөлдір Молдағазықызы – «Нәтижелі сабақ»;
  5. Зулгариев Риза Дүйсенбайұлы – «Танымдық сабақ»;
  6. Саин Думан Асқарұлы – «Шығармашылық сабақ»;
  7. Аблайханова Саят Жанайдарұлы – «Ұтымды сабақ».