«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

«Ұлы ұстаз салған ұлы жол» атты облыстың оқу орындары арасында пікірсайыс турнирі

27-қараша күні мектебіміздің ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз салған ұлы жол» атты облыстың оқу орындары арасында  пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге қатысқандар
Бейімбет Майлин ауданының «№ 2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі».
Қостанай Педагогикалық колледжінің 1-курс студенттері.
Қостанай қаласы «Балалар шығармашылық үйі».
Федоров ауданының «Успенов жалпы білім беретін мектебі».
Қостанай қаласының «Білім Инновация Лицейі»
Қостанай қаласының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты».
Мендіқара ауданының «Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясы».
Қарасу ауданының «Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі».
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университетінің 1-курс студенттері.
Жеңімпаздар:
1-орын. Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері: Абдирова Аружан, Қуанышова Гүлназ.
2-орын. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті маңындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-курс студенттері: Мәлікзада Аружан, Альмухамедова Мадина.
3-орын. Озат мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицей интернаты, Доскеева Жанеля, Асалканова Жулдыз.
3-орын. Қарасу ауданы, Аяпберген Томирис, Қаратаева Аяулым.
Үздік спикер: Білім инновация лицейі, Орынбек Еламан.
Үздік төреші: Макатова Аягоз.