«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

04 Мая 2021
2021 жылдың 26-30 сəуір аралығында Лингвистикалық əдістемелік бірлестіктің апталығы өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты сабақтан тыс іс-шараларды үштілді білім беру аясында (қазақ орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыру арқылы оқушылардың әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу дағдыларын және зияткерлік әлеуетін жетілдіру болып табылды.
Апталық барысында орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері 5-10 сынып оқушылары арасында әртүрлі интеллектуалдық іс-шаралар өткізді, мәселен «Полиглот», «В гостях у сказки», «Умники и умницы», «Лингвистическое путешествие», «Быть полиглотом – это супер!» және т.б.
Іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін балалар естелік мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.