«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

21 Сентября 2022
20 қыркүйек, сейсенбі күні, Ы.Алтынсарин атындағы  мамандандырылған мектеп-интернатында 10-11-сын. оқушыларының қатысуымен қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезовтің 125 ж. мерейтойына арналған "Әлем таныған Әуезов" атты конференция өтті.
Конференция мақсаты: М.Әуезов шығармаларын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттап, шығармашылық (зерттеу) жұмыстарына баулу. Конференция басында қазақ тілі пәні мұғалімі- Нугуманов А.К. кіріспе сөзінде оқушыларды Ұлы жазушы, академик, ғалым, публицист -М.Әуезов еңбектерімен таныстырды. Келесі кезекте 11-сын. оқушылары: Ибжарова Айзат - "Абай жолы" роман-эпопеясындағы ұлттық өнеге; Иманбаева Аяулым - "М.Әуезов және әлем әдебиеті", Қуаныш Камила- "М.Әуезовтің прозалық шығармалары" тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар 10-сын. оқушылары да: Мукашева М.- "М.Әуезов пьесалары", Акбар А.- М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасы, Нурекешов Д.- "М.Әуезов аудармалары" жайында өз баяндамаларында тоқталып кетті.