«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

16 Сентября 2022
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы өткізген Ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында, Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген іс-шараның ауқымы кең болды. Құрметті қонақтардың легіндегі ақиық ақындар, қарымды қаламгерлер мен тіл майталмандарымен бірге біздің де ардақты ұстаздарымыз қошеметке ие болды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім бергені және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін Нугуманов Агыбай Карынович, Ермагамбетова Меруерт Кайыркенкызы мен Мағзұм Гүлнұр Әмірханқызы «АХМЕТ ІЗБАСАРЛАРЫ» атты номинациялық диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Ыбырай мен Ахмет аталарымыздың жолын қуған кемел ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!