«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

15 Сентября 2022
Бүгін «Үндестік» жобасы аясында мектепте оқушылардың әкелерінің қатысуымен «Буллинг дегеніміз не және одан қалай қорғану қажет?» тақырыбында 6-9 сынып ұлдар арасында кездесу өтті. Кездесуге 7 «Б» сынып ата-анасы, жеке сот орындаушысы Журкабаев Даулетбай Серікұлы және 6 «Б» сынып ата-анасы, техникалық өндірістік қызметінің басшысы Сембеков Қайрат Темирханұлы, 11 сынып оқушылары Айбек Бейбарыс және Жұман Бекарыс қатысты. Кездесу барысында "Буллинг " тақырыбы қозғалып, себеп-салдары талқыланды . Ата-аналар мен болашақ түлектер өз тәжірибелерімен және өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.