«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

Жаңалықтар

  • Жалпы білім пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі
  • Новости
    24 Декабря

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  мектебіміздің 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Салтанатты жиында оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілері табысталды. Сіздерге оқуда алда болып, егеменді Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуларыңызға шын жүректен тілектеспіз! Еңселі еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда!

    Новости
    24 Декабря

    #Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym Мектебімізде Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы және облыстық «Үндестік» жобасы аясында ұйымдастырылған ата-аналар мен педагогтар арасында спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатында мектеп директоры Келинбердиева Ырсалды Сиелханқызы құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Спартакиадаға  қатысқан 5-11 сынып ата-аналары мен мектеп ұжымы волейбол, арқан тартыс, шахмат және тоғызқұмалақтан бақ сынасты. Спорттық іс-шара тартысты өтіп, қатысушылар келесі жетістіктерге жетіп, медаль және мадақтау қағаздарына ие болды. Волейбол: 1 орын – 5 «Б» сынып ата-аналар командасы 2 орын – 11 сынып ата-аналар құрама командасы 3 орын – 6 «Б» сынып ата-аналар командасы Арқан тартыс: 1 орын – 8 «А» сынып ата-аналар командасы 2 орын – 5 «Б» сынып ата-аналар командасы 3 орын –

    Новости
    24 Декабря

    Қараша айында біздің мектеп оқушылары Елбасы Академиясы мен Rumcdo Mon RK Нұр-сұлтан қаласы ұйымдастырған ұлттық пікірсайыс турниріне қатысты.  Бұл турнирде Қостанай облысынан екі команда  қатысты. Оның бірі –  біздің мектеп оқушылары "Strongest" фракция атауымен  Иманбаева Аяулым және Жаксимбекова Жансулу.  Біздің мектеп оқушылары ширек финалға өтіп, он жеті команданың ішінен топ сегіз болып танылды. Үздік үштікке өтпегенмен, олардың  дайындығын төрешілер алқасы бөлек атап өтті. Осылайша, Жаксимбекова Жансұлу "әлеуметтік желілердегі үздік PR" номинациясын алды. Жарайсыңдар, балалар!!!

  • «Зерде» республикалық зерттеулік жобалар және шығармашылық жұмыстардың облыстық кезеңі
  • «Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану» атты жас мұғалімдер арасында сабақтар байқауының қорытындысы
  • Новости
    22 Декабря

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы қазан-қараша айлары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық юниор олимпиадасын өткізді. Жүлделі орынға ие болған оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!!!  1. Нурмагамбетова Нурай информатика пәнінен юниор олимпиадасы – ІІ орын. Жетекшісі: Кусебаева Айгерим Жомартовна; 2. Есімсейіт Елқанат информатика пәнінен юниор олимпиадасы – ІІІ орын. Жетекшісі: Манасбаев Шотбай Имашевич; 3. Серденбаев Максат математика пәнінен юниор олимпиадасы – ІІІ орын. Жетекшісі: Жандаулетова Раушан Курмангалиевна; 4. Серденбаев Максат физика пәнінен юниор олимпиадасы – ІІІ орын. Жетекшісі: Абдрахманова Арайлым Ораловна.

    Новости
    21 Декабря

    Новости
    21 Декабря

    Новости
    21 Декабря

    Новости
    21 Декабря

    Новости
    20 Декабря

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізген «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың IV республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңінде «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болған – 11-сынып оқушысы Малдыбаева Дильназ. Жетекшісі: Тулегенова Айгуль Тулегеновна. Құтты болсын!!!

    Новости
    20 Декабря

  • Педагогикалық тур (желтоқсан айы)
  • Новости
    02 Декабря

    30-қараша күні Қостанай қаласында халықаралық, республикалық олимпиадалар, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған «Триумф» марапаттау рәсімі өтті. Биылғы оқу жылы мектебімізден «Триумф» рәсімінде бірнеше халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Киелі домбыра» үйірмесінің шәкірті 11 «Б» сынып оқушысы Жанбаев Мұрат пен ұстазы Абишова Айнұр Қайырғалиқызы марапатталды.  Сіздерді жеңістеріңізбен шын көңілден құттықтай отырып, алдағы уақытта тек жеңіс тұғырында көрініп жүрулеріңізге тілектеспіз. Құттықтаймыз!!!

  • «Ұлы ұстаз салған ұлы жол» атты облыстың оқу орындары арасында пікірсайыс турнирі
  • ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
  • Новости
    24 Ноября

    Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» ММК (бұдан әрі-мектеп-интернат) педагогикалық тур өтті. Педагогикалық турдың мақсаты – тәжірибелі әріптестердің сабақтарын бақылау және жас мұғалімдерге өздерінің педагогикалық тәжірибесін әріптестерімен салыстыруға мүмкіндік беру. Ол үшін жас педагогтардың бір күн бойы тәжірибелі әріптестерінің сабақтарына қатысуы ұйымдастырылған. Сабаққа қатысу мақсатты түрде болды. Бақылау объектісі ретінде нақты педагогикалық аспект қолданылды, атап айтқанда сабақта уақытты ұтымды пайдалану. Жас мұғалімдер 6 А сыныптағы орыс тілі мен әдебиеті (Еслямгалиева З.С.), 5 Б сыныбындағы ағылшын тілі (Абикенова Г.А.), 7 Б сыныбындағы Қазақ тілі мен әдебиеті (Ермагамбетова М.К.), 10 А сыныбындағы Қазақстан тарихы (Досжанова Ж.Т.), 9 А сыныптағы химия (Жумагулова К.Ж.) сабақтарына қатысты. Сабақтарға қатысу барысында

    Новости
    24 Ноября

    Ыбырай Алтынсариннің  180 жылдығына орай педагог-ағартушының мұрасын зерттеу бойынша мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ІІ байқау-конференциясының облыстық байқауында - Утилиева Айдана - ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Сейткожина Шолпан Курмангалиевна. Құттықтаймыз!!!

    Новости
    17 Ноября

    «Туған өлке – тұнған тарих» ғылыми-зерттеу жобасының облыстық байқауында жүлделі ІІ орынға ие болған - Жангабулова Диана мен Даушева Айя. Жетекшісі: Зейнуллина Мендыгуль Жанбуршаевна. Құттықтаймыз!!!

    Новости
    21 Мая

    Оқуға қабылдау кезінде қажетті құжаттар тізбесі:

    Новости
    20 Мая

    2 маусым 2021ж. 5-сынып үміткерлеріне конкурстық емтиханы өткізіледі.

    Новости
    20 Мая

    2021 жылдың 20 мамыры күні Қостанайдағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп интернатында Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Алтынсарин және Қостанай мектебі» тақырыбында филология ғылымдарының докторы Әбсадық Алмасбек Ахметұлының және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Арқалық педагогикалық институтының доценті, белгілі мүсінші Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлының қатысуымен ғылыми-танымдық кездесу болып өтті. Тағылымды сұхбат барысында Ыбырай Алтынсарин ашқан  Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінің бастау арнасы – Троицк екендігі, 1861 жылдың 1 қыркүйегінде Троицкіде қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп салтанатты түрде ашылып, оған Орынбор облысының шығыс бөлігін аралаған В.Григорьевтің өзі де қатысып, кейін бұл мектептің Қостанай қаласына көшірілгендігі жайында нақты дәлелдермен баяндалды.  Сонымен қатар, «Мектеп тарихы» жобасы аясында өткен іс шарада мектептің

    Новости
    04 Мая

    2021 жылдың 26-30 сəуір аралығында Лингвистикалық əдістемелік бірлестіктің апталығы өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты сабақтан тыс іс-шараларды үштілді білім беру аясында (қазақ орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыру арқылы оқушылардың әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу дағдыларын және зияткерлік әлеуетін жетілдіру болып табылды. Апталық барысында орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері 5-10 сынып оқушылары арасында әртүрлі интеллектуалдық іс-шаралар өткізді, мәселен «Полиглот», «В гостях у сказки», «Умники и умницы», «Лингвистическое путешествие», «Быть полиглотом – это супер!» және т.б. Іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін балалар естелік мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

    Новости
    14 Апреля

    Мектеп оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының тұрақты қатысушылары. Биылғы оқу жылы  аталмыш конкурстың республикалық кезеңіне екі оқушымыз қатысып  жүлделі орындар иеленді.  Қарекен Зере-3 орын (жетекшісі Жумагулова К.Ж.), Жауғашты Аружан-2 орын (жетекшісі Досжанова Ж.Т.). ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Новости
    14 Апреля

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Хабар» Агенттігі» АҚ қолдауымен «NURORDA media» компаниясы ағымдағы жылдың 6 сәуірі мен 12 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына мектебіміздің 10 сынып оқушысы Есетова Жанбота қатысып өз білімін сынап келді. Оқушымызға біліміңді шыңдай бер деп, болашақта үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенім білдіреміз. ЖАРАЙСЫҢ ЖАНБОТА!

    Новости
    14 Апреля

    "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" 

    Новости
    09 Апреля

    Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қарекен Зере Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жеңімпазы атанып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия грантын иеленді. Мұғалімнің жетістігі -  шәкірттерінің жетістігі демекші, Зерені осы жетістікке жетелеген мектеп-интернатымыздың жаңашыл ұстазы -  Жумагулова Куралай Жумановна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!

    Новости
    19 Марта

    Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Баурсақ party» іс-шарасын ұйымдастырып мектеп оқушылары мен мектеп ұжымына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын!

    Новости
    18 Марта

    Костанай политехникалық жоғары колледжінің 50-жылдығына орай Counter-Strike: GO облыстық чемпионатына қатысып 1 орынға ие болған мектеп командасын құттықтаймыз! Команда мүшелері: Мұханбетжан Олжас, Темирзагитов Алмас,Бегисбаев Диар,Алпыспаев Алмас,Сайранбек Максат, Ракишев Санжар.    

    Новости
    17 Марта

    Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігіне арналған Х қысқы оқушылар гимназиадасында эстафетада 2000м қашықтықтан ІІІ орын алған мектебіміздің спорт мақтанышы - Абдуллин Дамирді жеңісімен құттықтаймыз.

    Новости
    16 Марта

    Бүгін Ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ҚР ІІМ «УК161/2 мекемесі» Республикалық мекеме басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары,әділет майоры А.Ж. Ракишев және САТӘПЖБ жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты А.К. Саржакова мектебімізге Ы. Алтынсариннің портретін сыйға ұсынды. ҚР ІІМ «УК161/2 мекемесі» Республикалық мекемесіне мектеп ұжымының атынан алғыс айтамыз.

    Новости
    15 Марта

    Бүгін мектеп директоры Ы. Келинбердиева салтанатты түрде «Елбасы Медалі» ұлттық жобасының қола медалінің жүлдегерін марапаттады. Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы әр мақсатты Қазақстан жастарына арналған. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен» марапатталады! Бұл жобаға біздің мектеп оқушылары да белсене қатысады. Алғашқы қола медаль иегері атағына бүгінде 11 «А» сынып оқушысы Ергалиева Сария қол жеткізді. Сарияны жетістігімен құттықтай отырып, еліміздің ең ауқымды «Елбасы Медалі» жобасына мектеп оқушыларын белсене