«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Оқушыларға   /  Интернат өмірі  

Интернат тәрбиеленушілердің ата-аналарына қойылатын талаптар

  1. Тәрбиенушілер мектеп директорының руқсатымен ғана интернатта тұруға құқығы бар;
  2. Оқушы интернаттың ережесі мен күн тәртібін міндетті түрде орындауы тиіс;
  3. Интернатта тұратын тәрбиеленушілер мемлекет мүлігін сақталуына жауапты. Заттардың сынған немесе жоғалған жағдайда, балалардың ата-аналары 10 күннің ішінде мүлікті орнына қайтаруы тиіс;
  4. Ата-аналар балаларын интернатқа белгіленген уақыттан кешіктірмей әкелуге міндетті;
  5. Баланың каникулдан және ауырунан кейін денсаулығы туралы жазылған медециникалық анықтама әкелуі, медециналық анықтамасыз, баланы интернатта қалдыруға рұқсат жоқ;
  6. Гигиеналық заттармен қамтамасыз ету қажет (дәретхана қағазы, сабын, щеткасы мен тіс пастасы, салфетка, тарақ..)
  7. Жыл мезгілдері бойынша келесі киімдермен қамтылу қажет:
    • мектеп формасы;
    • күнде киюге арналған;
    • концертке киетін (ақ көйлек, ақ бантик, қара галстук, қара туфли, шұлық, ақ колготки);
  8.   Мектеп-интернатының бала дәрігерімен кездескен соң ғана дәріні немесе дәрі-дәрмектерді қолдануға болады;
  9. Балалардың ата-аналары тамақтың төлемін әр айдың 25-дейін төлеуі керек;
  10.  Қымбат әшекейлер, көп мөлшерде ақша, ұялы телефон, компьютерлік техникаларды қолдануға тыйым салынады (жоғалған жағдайда мектеп өз жауапкершілігіне алмайды);
  11.  Интернат қабаттарындағы бөлмелерге (2-4қабат) ата-аналардың баруына үзілді-кесілді тыйым салынады.