«Ы. Алтынсарин атындағымамандандырылғанмектеп–интернат» КММ

РусКаз
Приемная:
+7 (7142) 54 56 94
Бухгалтерия:
+7 (7142) 53 36 18
Казахстан, г. Костанай
ул. Алтынсарина, 118
Электронная почта:
ibrayshod@mail.ru

Әдістемелік жұмыс

Мектептің іс-әрекетінің негізгі мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары
           Қазақстанның болашақ зияткерлік және шығармашылық зайырлы-дарынды балаларын сапалы оқыту және тәрбиелеу;
Әлем азаматының тұлғалығын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген елінің ұлтжанды, әлеуметтік бейімделген және
жауапты, шындыққа тура қарай білетін және өмірді жақсы жағына қарай өзгерте білетін азаматты қалыптастыру.
Мектеп-интернаттың негізгі құндылықтары:
-  адам, оның өмірі, денсаулығы, ар-ожданы мен абыройы;
-  ізгілік және білім беру әдерісін ізгілендіру;
-  білім беру әдерісіне қатысушылардың құқығы мен бостандығы;
-  отбасы және отбасылық береке;
- салауатты өмір салты;
- ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар рухында тұлғаның адамгершілігі және әдептілігі;
- қазақстандық және әлемдік стандарттар деңгейінде тұлғаның білімдарлығы;
-  отбасында, социумда, әлемде өмір өсіруге тұлғаның дайындығы;
-  тұлғаның өз өзгерістерге бейімділігі;
- жаңалықтарға жақтаушы.
Мектеп-интернат қызметінің негізгі мақсаты:
-   дарынды балаларға денсаулық қорғаушы, жан-жақты зияткерлік, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты
мен тұлғаны әлеуметтендіру үшін барынша қолайлы жағдай жасау;
- мектеп-интернатта дарынды тәрбиеленушілерді сапалы оқыту мен тәрбиелеуге жетуіне себеп болатын білім
беру, ақпаратқа қанық, денсаулықты қорғайтын, қолайлы, шығармашылық ортаны үлгілендіру;
-  оқушылардың креативті, өнімді білімін дамытуға әсер ететін білім беру әдерісін ұйымдастыру;
-  педагогикалық әдеріске негізгі қатысатындар үшін аса қолайлы жағдай жасайтын басқару жүйесіне көшу:
- оқушылар, ата-аналар, ұстаздар.
Мектептің проблемасы: «Жоғары интеллектуалдық көрсеткіштерімен шығармашыл жеке тұлға қалыптастыруға
бағытталған элиталық білім мен тәрбие беру жүйесін құру».
Мектептің әдістемелік тақырыбы: мектеп-интернаттыѕ тұтас педагогикалық процесс жағдайында
оқушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық потенциалын ұлттық тәлім-тәрбие, халықтың сан ғасырлық
педагогикасы, тағлымы негізінде дамыту және тәрбиелеу.
Мақсаты: әр оқушының жеке ерекшелігін дамыту, әлеуметтік бейімделуге қабілеттілігін, белсенді азаматтық
көзқарасты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді іске асыруға қолайлы білім кеңістігін құру.
Мектеп-интернат оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсаты: зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеу­меттік бейімделуін
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Мектеп борышы:
- жеке тұлғаны дамыту;
- әлеуметтік және жеке мәдени құндылықтарды қалыптастыру;
- салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
- шыдамдылыққа және сыни көзқарасқа тәрбиелеу;
- өзінің дамуын қамтамасыз ету.
Мектептің стратегиялық міндеттері:
· интеллектуалды және шығармашыл дарынды балаларға арналєан элитарлы мектеп-интернатының беделін
қалыптастыру;
· оқушылардың танымдық, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың тиімді жүйесін құру және
тәжірибеге енгізу;
· оқушылардың өз-өзін басқару ұйымының жұмысын жандандыру арқылы тұлғаның  коммуникативтік және көшбасшылық
құзіреттіліктерін дамыту.