Мектеп ережелері
Оқушылардың міндеттері мен құқықтары
1. Мектеп-интернаттың оқушылары құқылы:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
- білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары бойынша оқуға;
- жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
- өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін алуға;
- білім беру ұйымын басқаруға қатысуға;
- білім беру ұйымдарында қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен тегін қамтамасыз етілуге;
- спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
- өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
- өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
- оқудағы, шығармашылық қызметтегі табыстары үшін марапатталуға;
- облыстың аймақтарынан келген оқушылар интернатта тұру орнымен тегін қамтамасыз етіледі;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін тамақтанумен қамтылады.
- оқушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, мектеп-интернаттың Жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға;
- оқушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті;
- жыл мезгілінің көктем, күз айларында оқушылар ауысымға аяқ киім алып келуге;
- дене шынықтыру сабағында міндетті түрде спорт киімдері болуы тиісті;
- мектеп-интернаттың оқушыларына сабақ барысында мобильді телефон, смартфон қолдану шектеледі;
- бірнеше күн сабақты денсаулық жағдайына байланысты қалдырған оқушылар медициналық анықтама ұсынуы қажет;
- интернатта тұрудың бекітілген ережелерін сақтауға;
- оқушылар мектеп-интернаттың мүлігіне ұқыпты пайдалануға тиісті;
- оқушыларды жеке жағдайларда сабақтан босату оның заңды өкілінің арызы негізінде сынып жетекшісін ескерту арқылы рұқсат етіледі.