«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Мектеп   /  Мектеп туралы   /  Жаңалықтар  

«Елбасы Медалі»

15 Марта 2021
Бүгін мектеп директоры Ы. Келинбердиева салтанатты түрде «Елбасы Медалі» ұлттық жобасының қола медалінің жүлдегерін марапаттады.
Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы әр мақсатты Қазақстан жастарына арналған.
Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен» марапатталады!
Бұл жобаға біздің мектеп оқушылары да белсене қатысады. Алғашқы қола медаль иегері атағына бүгінде 11 «А» сынып оқушысы Ергалиева Сария қол жеткізді.
Сарияны жетістігімен құттықтай отырып, еліміздің ең ауқымды «Елбасы Медалі» жобасына мектеп оқушыларын белсене қатысуға шақырамыз.