«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Ғылыми-әдістемелік ақпарат   /  Психолог кеңесі   /  Мұғалімдерге ұсыныстар  

Мұғалімдерге ұсыныстар

Сынып  жетекшілер мен мұғалімдерге ұсыныстар:
  1. Оқушылардың дарындылық бағытын өз күшіне, қызығушылығына сай дұрыс таңдауды үйрету;
  2. Тапсырманың қиындығын обьективті және субьективті бағалауға үйрету; 
  3. Берілген тапсырманы қорытындылап, нәтижесін шығарған соң, балаға нақты бағасын қою (асырмай, түсірмей);
  4. Тест бойынша «спиральді қозғалыс» әдісіне үйрету; 
  5. Оқушыға өз-өзің ұстай білудің өзі өнер екендігін ұғындыру;
  6. Оқушының қабілетіне сай тапсырмалар бере отырып, қателіктерін түсіндіріп, оны жөндеуге бағыт-бағдар беру; 
  7. Оқушының маужыраңқы күйден арылуға, тез жинақталуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесу; 
  8. Оқушылардың организмі сақтандыру шегіне сүйенеді, нерв жұқару жүйесінің болдырмауына, басты жұмсалған шығынды өнім энергиясына, өзімен күресуді, өз еңбегімен, өз мінез-құлығымен, өзінің жағдайымен күресуге үйрету; 
  9. Уақытты үнемдеп, тез ойлауға, шапшаңдылыққа дағдыландыру; 
  10. Танымдық процестерін (ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттері) дамыту;
  11.  Оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын ояту; 
  12. Оқу мотивациясын арттыру;
  13. Оқушыға қандай да шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік  беріңіз;
  14. Есіңізде болсың!Бала- толығымен кемшіліктерден, денқойлықтардан және жолы болмаушылықтарынан тұрмайтынын ұғындырыңыз;
  15. Үздік немесе үлгермейтін, шапшаң немесе баяу, жеңіл немесе ауыр мінезді кез-келген бала өзіне тән сүйіспеншілікке, сыйластыққа және бағалауға лайық екенін ұмытпаңыз;
  16. Барлық жоғары талапты мақтаудан бастаған жөн; 
  17. Эмоционалдық жағдайы қаншалықты жоғары деңгейде болса оқуда соншалықты мүмкіндігі мен табысқа жететінін әрдайым айтып жүріңіз. 
 
ЖАС ПЕДАГОГТАРҒА КЕҢЕС
 
  1. Оптимист болыңыздар!
  2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер;
  3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа сүйеңіз;
  4. Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;
  5. Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;
  6. Ұмытпаңыз: педагогикада сыныпқа алғаш кірген кезіңіз; алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;
  7. Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдық танытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
  8. Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
  9. Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
  10. Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
  11. Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуы тиісті;
  12. Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
  13. Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
  14. Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
  15. Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
  16. Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
  17. Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.
 
      Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі...., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ...., жұрттың бәріне...жақсылық пен ізгілік көрсетіп..., қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
                                                                                                          
Әл-Фараби
 
 
 
 
Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
1.Оптимист болыңыздар!
2.Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үүлкендер;
3.Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз;
4.Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;
5.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;
6.Ұмытпаңыз: педагогикада сыныпқа алғаш кірген кезіңіз; алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;
7.Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
8.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
9.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
•Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.
•Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
•Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
• Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
•Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
• Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз.Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
•Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз
• Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінің өзіңізге аударыңыз.
•Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз. Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
•Сынып журналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
•Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз.Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқты қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік- тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
• Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
•Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.