«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Главная   /  Қазақша   /  Оқушыларға   /  Интернат өмірі  

Мектеп-интернат жатақханасында тұратын тәрбиеленушілердің міндеттері

  1. Интернаттың міндеттеліп бекітілген тәртібін орындау;
  2. Тәрбиешілердің айтқанын бұлжытпай орындау;
  3. Тәрбиеленушіге берілген бөлме мен ондағы пайдалану құралдары мен жалпы қолдану орындарын ұқыптау;
  4. Жеке бас гигиенасын сақтау, денесін шынықтыру жаттығуларын орындап оны әрдайым күнделікті әдетте айналдыру;
  5. Бөлменің жиһаздарын түзу және үлгілі санитарлық қалпында ұстау;
  6. Тәрбиеленуші өзіне бекітілген бөлмеге, оның ішіндегі жабдықтарға дұрыс қарау мен бөлменің электр энергиясын және суды үнемдеу;
  7. Интернаттан белгілі себеппен ұзақ мерзімге кету кезінде (ауырып қалу, отбасылық жағдайға байланысты) тәрбиешілерге ескерту;
  8. Интернатта екінші аяқ киімді ауыстырып жүруді ұмытпау;
  9. Тоққа қосатын сымдарға, қос тілді тоқ қосқыштарға, штеккерлерге тиіспеуге және оларды ашпау;
  10. Белгілі себеппен тәрбиешіден сұранған уақытта сырттан тамақтанбау және сырттан тамақ әкелмеу;
  11. Мектеп-интернатында және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, дөрекілік көрсетуге, нормаға жатпайтын лексиканы қолданбау;
  12. Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген тәрбиеленушілерге үстемдік, өктемдік жасамау;
  13. Интернатқа бөтен оқушылар мен интернатта тұрмайтын балаларды кіргізбеу;
  14. Ұялы телефонды сабақ уақытында, асханада, сабаққа дайындық уақытында қолданбау;
  15. Ұялы телефондарды пайдалану қауіпсіздігіне байланысты 5-7 сынып оқушыларына интернатта тек жәй үлгідегі телефонды қолдануға рұқсат етіледі (камерасы және интернеті жоқ);
  16. Интернатта ішкі өмірін тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің құқықтарын бұзбау мақсатында ұялы телефонға видео, аудио жазбаларды түсірмеу және жалған ақпарат таратпау.
  17. Өзіндік дайындық сабақ уақытынан кешігуге (16.00-18.00), себепсіз сұрануға тиім салынады;
  18. Қабілетіне, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатысуға, мәдени шараларды ұйымдастыруға ат салысу тиіс;
  19. Тоқсан сайын әр тәрбиеленуші дәрігердің анықтамасын (эпид окруж) интернатқа әкелу.